Симон Миньоле (ағылш. Simon Mignolet; 6 наурыз 1988, Синт-Трёйден, Бельгия) — бельгиялық футболшы, «Брюгге» футбол клубы мен Бельгия ұлттық құрамасының қақпашысы
Quick Facts Лақап аттары, Туған күні ...
Симон Миньоле |
|
Лақап аттары |
Сим
|
---|
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
|
---|
Азаматтығы |
Англия
|
---|
Бойы |
193 см
|
---|
Салмағы |
92 кг
|
---|
Позиция |
қақпашы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Брюгге
|
---|
Номері |
22
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Симон Миньоле Синт-Трейден қаласында туылып, сол жерде 1994 жылы жергілікті спорт мектебінде футболмен шұғылдана бастады.1998 жылы «Сент-Трюйден» клубына көшті. Алғаш рет негізгі құрам үшін 2005 жылы Про-лигада «Гент» клубына қарсы ойнады. 2009 жылы 11 сәуірде, «Ронсе» футбол клубына қарсы гол соқты. 2009/10 маусым бойынша Симон Бельгиядағы үздік қақпашы атанды.
2010 жылы 17 маусымда Симон ағылшындық «Сандерлендпен» 5 жылдық контракка қол қойды. Алғаш рет «қара мысықтар» үшін 14 тамызда алаңға «Бирмингем» клубына қарсы шығып, матчтың үздік ойыншысы атанды. 2011 жылы 29 қазанда «Астон Виллаға» қарсы ойында, мұрынның жарақатын алып қалды. 31 қазанда Симон сәтті жазылып кетті. Жарақаттан кейін алғаш рет 2012 жыл 1 қаңтарда «Манчестер Ситиге» қарсы ойын көрсетті.
2013 жылы 25 маусымда Миньоле «Ливерпульмен» 5 жылдық контракка қол қойды. Жаңа клубта қақпашы жетісіне 50 мың футн алатын болды. Трансфер құны 9 милл. фунтқа дейін жетті. 2013/14 маусымда «Сток Ситиға» қарсы алғаш матчың ойнап, соңғы минуттарда Джонатан Уолтерс соққан пенальтиге төтеп бере алды.
Симон 2008 жылдан 2010 жылға дейін Бельгияның жастар құрамасында өнер көрсетті. Негізгі құрам үшін 2011 жылы 25 наурызда Еуро-2012 іріктеу ойындарында Австрия құрамасына қарсы алғаш рет алаңға шықты.
- Бельгияның екінші лигасының жеңімпазы:2009
- Бельгиядағы жыл қақпашысы:2010
- УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы: 2018/19